Қала әкімінің 2015 жылғы 24 шілдесіндегі №1209 өкімімен Айдын Қайруллаев Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
А. Қайруллаев 1981 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1998-2002 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналист, 2006-2008 жылдары сол университетте заңгер мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2001 жылы облыстық телерадиокомпанияның редакторы болып бастаған. 2001-2003 жылдары «Сета» ЖШС «Сета» радиосының қазақ тілінде хабар тарату бөлімінің бас редакторы, облыстық мәдениет басқармасында жетекші маман болды. Одан кейін облыстық телерадиокомпаниясының редактор-тілшісі, облыстық ақпарат басқармасында және ҚР Ақпарат министрлігінде жетекші маман болып еңбек етті. 2005-2008 жылдар аралығында облысы әкімінің көмекшісі, баспасөз хатшысы, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы қызметтерін атқарды. 2008-2012 жылдарда облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары болса, 2012-2014 жылдары қалалық ішкі саясат және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерін басқарды. 2014 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.