Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Алаяқтық жолмен 5 млн. теңге алған

Алаяқтық жолмен 5 млн. теңге алғанҚызылорда ҚІІБ-мен аз.Ж.Б.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 177-бабының 4-бөлігінің «б» тармағымен қылмыстық іс қозғалған. Бұл жөнінде облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.
Нақтыласақ, аталған азамат алаяқтық, яғни бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде сенімге қиянат жасау арқылы алып, ауыр санаттағы қылмыс жасаған. Атап айтқанда, 2013 жылдың тамыз айында Жалағаш аудандық орталық ауруханасының лауазымды қызметкері А-мен кездескен. Екеуі өзара сөйлесу барысында, Жалағаш аудандық ауруханасы мен емханасы, «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорнына бірігуіне байланысты А.-ны басшы ретінде тағайындау үшін, соңғыдан аса ірі мөлшерде ақша алу туралы ниеті туындаған.  
Аталған қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында, Ж. конкурстық тәсілмен тағайындау үшін және конкурстан өткізіп беремін деп алдап, А-ның сеніміне кіріп, ол үшін 70 мың АҚШ доллары керек екенін айтқан.
Осыдан кейін, Ж. жәбірленуші А.-дан жалпы 5 244 000 теңге ақшасын сенімге қиянат жасау арқылы алдап алып, ол ақшаларды өз пайдасына жаратып, соңғыға аса ірі мөлшерде мүліктік залал келтірген.
Қылмыстық істің сотта қаралу нәтижесімен, 24.12.2014 жылғы Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен Ж. ҚР ҚК-нің  177-бабының 4-бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп үш жылға сынақ мерзімі белгіленген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: