Жыл басынан бері құтқарушылар 4 адамды ажалдан аман алып қалды. Суға түсу қауіпсіздігін сақтамағандардың екеуі оқушы.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.
«Облыста 33 адам суға батып кетті. Оның 11-і бала. Қайғылы оқиға өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсіп отыр. Көпшілігі белгіленбеген аумаққа суға түскен, сақтық ережелерін сақтамаған», - деді Саид Шазындаұлы.
Қазір суға шомылу маусымы аяқталды. Бірақ төтеншеліктер балық аулау кезінде сақтық шарасына мән беруді ескертеді. Жыл ішінде балық аулауға барған 6 адам қайтыс болды.