Қызылорда қаласында дәрігерлер жүргіншілер жолында жеңіл көлік қағып кеткен оқушы қыздың жағдайы туралы айтты.
Айта кетсек, Қызылорда қаласындағы орталық көшенің бірінде жеңіл көлік жүргіншілер жолында 10 жасар оқушы қызды қағып кеткен болатын.
«Жол апатынан кейін ол бірден облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Жағдайды бағалағаннан кейін дәрігерлер оны жансақтау бөліміне жатқызды. Жасөспірімге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Ол түрлі жарақат алған. Дәрігерлердің тәжірибесінің арқасында бүгінде ол өзіне келген. Қазір ол жалпы бөлімге ауыстырылды. Оның жанында анасы бар. Жағдайы жақсы. Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық балалар аураханасынан.