«Астана ЭКСПО-2017» АҚ ҰҚ басқармасының бұрынғы төрағасының мүлкіне тыйым салынды
Үстіміздегі жылдың 18 маусымындағы Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотына Талғат Ермегиявтің мүлкіне жарғы капиталдарындағы үлестеріне тыйым салу жөніндегі өтініш келіп түсті. Бұл жайында Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Нақтырақ айтқанда, олардың қатарында «Са-Бек» ЖШС-ң (үлестік қатысу деңгейі - 30%); «ТКМ» ЖШС-ң (үлестік қатысу деңгейі -30%); «Глобус Алматы» ЖШС-ң (үлестік қатысу деңгейі -50%); «ХОЗУ-Транс» ЖШС-ң (үлестік қатысу деңгейі-100%); «Рахат-АВТО» ЖШС-ң (үлестік қатысу деңгейі -18%); «Глобус Астана» ЖШС-ң (үлестік қатысу деңгейі-50%) жарғы капиталдарындағы үлестері бар.
Сотпен ҚР ҚК-нің 176 бабының 4-бөлігінің «б» тармақшасы бойынша күдікті сотталған жағдайда, мүлкін тәркілеу мүмкіндігіне байланысты өтініш қанағаттандырылды.
Ермегияев Талғат Аманкелдіұлы ҚР ҚК-нің 176 бабының 4-бөлігінің «б» (1997 жылдың редакциясында) тармағында көзделген ауыр қылмыстарды қасақана бірнеше рет жасағаны үшін күдіктелуде.
2015 жылдың 12 маусымында Алматы ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен Ермегияев Талғат үйқамаққа алынды.