Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Сәлем саған, туған ел!» атты karaoke-battlе кеші өтті

Қалалық мәдени-демалыс паркінде қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығына арналған «Сәлем саған, туған ел!» атты Karaoke-Battle кеші өтті.



Музыкалық шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары композитордың кеңінен танымал әндерін караоке форматында орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Кеш соңында белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, бірқатар тұрғындар қалалық мәдени-демалыс паркінің аттракциондарына тегін билет ұтып алды.

Шара аясында тұрғындарға «Заң мен тәртіп» қағидатының мәні кеңінен түсіндіріліп, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының негізгі мақсаттары насихатталды. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау, қала тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті арттыру және қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: