Канадалық ғалымдар тобы алкогольді адам ағзасынан шығарудың жеделдетілген тәсілі ретінде қолдануды жоспарлап отырған шағын гипервентиляциялық құрал ойлап тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Scientific Reports ғылыми журналына сілтеме жасап.
Алкогольді уыттануды жою тәсілдерінің бірі ретінде өкпені гипервентиляциялау тәсілі бұрыннан бар. Алайда, бұл процес барысында адам көп мөлшерде көмірқышқыл газын жоғалтатындықтан, өп қолданылмай келген болатын. Яғни, бұл процестен кейін бас айналып, ақыл-есіңізден айырылуыңыз, аяқ қолыңыз ұйып қалуы әбден мүмкін.
Сондықтан дәрігерлер әдетте мұндай жағдайларда көктамыр ішіне сұйықтық енгізу, оттегімен қамтамасыз ету немесе диализ әдістерін қолданады.
Алайда, технологияның ауымен әдістер де дами бастады. Құрылғының өзі ықшам және сығылған көмірқышқыл газы бар резервуардан, клапандар жүйесінен және маскалармен қосылатын құбырлардан тұрады. Мұның бәрі гипервентиляция кезінде науқастың қанындағы көмірқышқыл газының оңтайлы деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Оқу жетекшісі жаңа құрылғының қарапайымдылығын ерекше атап өтеді.
"Бұл өте қарапайым құрылғы, оны әлемнің кез келген нүктесінде оңай өндіруге болады. Ол үшін электроника, компьютерлер немесе арнайы сүзгілер қажет емес. Біз он жыл бұрын бұл құрылғыны дамытпай жүргеніміз таңқалдырады", - дейді Джозеф Фишер, анестезиолог және торонтодағы жалпы аурухананың ғылыми-зерттеу институтының аға қызметкері.
Фишердің айтуынша, қазіргі уақытта құрылғыны еріктілер сәтті сынақтан өткізді. Бірақ коммерциялық тұрғыдан жобаны іске асыру үшін толық клиникалық зерттеулер қажет.