Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Діни экстермизмнің алдын алу мақсатында кездесулер өткізілді


«Сыр аланы» қоғамдық қорының жүзеге асыруындағы «Жалағаш ауданы көлемінде діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы шаралар» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Осы мақсатта шілде айының 9, 12, 16 күндері ауданға қарасты 12 ауылдық округте ардагерлер мен аналар кеңесінің мүшелері, ауыл тұрғындарымен діни экстермизмнің алдын алу мақсатында кездесулер өткізілді. Оған облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының оңалту және құқықтық психологиялық кеңес беру бөлімінің басшысы, дінтанушы Дәрібаев Жеңісбек қатысты. Кездесу барысында деструктивті ағымдардын сипаты, сақтану жолдары айтылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: