Диетолог Фатма Байсал Юсуф жүректің жұмысын жақсартатын тоғыз өнімді атады, - деп хабарлайды Lenta.ru. Бұл жөнінде Тengrinews.kz жазды.
Портал мәліметінше, жүректің жұмысын жақсартатын пайдалы өнім сарымсақ болып шыққан. Диетологтың сөзінше, ол қан тамырларына әсер етеді және жүрек-қантамыр ауруларының қаупін азайтады. Маман күніне бір түйір сарымсақ жеп тұрған дұрыс екенін айтқан.
Балық пен балық майы қан ұюының алдын алады және құрамындағы омега-3 май қышқылы жоғары антиоксидантты қасиеттерге бай. Дәрігер буда немесе грильде пісірілген балықты тұтынуды ұсынды.
Грек жаңғағы және орман жаңғағы да (фундук) омега-3 пен Е дәруменіне бай. Диетологтың сөзінше, аптасына 6-7 орман жаңғағы мен 2-3 грек жаңғағын жеп тұрған дұрыс.
Сондай-ақ, жүректің жақсы жұмыс істеуіне зығыр тұқымдары, сұлы, қара бидай және бидай ұны мен көк шай да себеп болады.