Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІ БЕРІЛЕДІ

 

Өткен жылы Әйтеке би-Басықара автожолы бағытындағы көлемі 56 гектар тұрғын үй жер учаскесін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (кірме жол, электрмен жабдықтау) жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы бүгін Әйтеке би кентінің әкімі А.Ақжігітов жергілікті қоғамдастық жиынының отырысында баяндады.
43 көше түнгі жарықшамға қосылса, оның ішінде 9-ы 5 квартал аймағына, 34-і кенттің орталығы мен шет аймақтарына тиесілі.
2016 жылы бөлінген 12 млн 162,0 мың теңгеге кенттің 23 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал жергілікті өзін-өзі басқару есеп шотынан бөлінген 37 млн 415,0 мың теңгеге тағы 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қиыршық тас қабаты төселді. Сонымен қатар, Желтоқсан, Ельховников, Қазыбек би, Ш.Айманов көшелеріне жаяу жүргінші жолдары салынып, орталық көше қиылыстарына 62 дана бағыттау белгілері орнатылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: