Қызылордада полицейлер жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім қызды тауып берді
Қызылордалық көпбалалы ана жоғалған қызын тауып берген полицейлерге алғыс айтты. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 33 жастағы көпбалалы ана арызданды.
Ананың айтуы бойынша, 2006 жылы туған қызы белгісіз бағытқа шығып кетіп, үйіне оралмағаны туралы айтып, 102 арнасына хабарлама түсірген. Жасөспірімді іздеу жұмыстарына ювеналды полиция, патрульді полиция нарядтары жұмылдырылып, үйлердің шатырлары мен аулалары, құрылыс жүріп жатқан обьектілер, мекемелердің аулалары араланып, тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған жасөспірім бір тәулік ішінде облыс орталығының көшелерінің бірінен табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды.