Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫРДАРИЯДА КҮН КӨЗІНЕН ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ШЫҒАРАТЫН СТАНСА САЛЫНАДЫ

СЫРДАРИЯДА КҮН КӨЗІНЕН ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ШЫҒАРАТЫН СТАНСА САЛЫНАДЫ

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев ауданда 2016 жылы атқарған жұмыстардың барысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг берді.
Аудан әкімі брифинг барысында 2016 жылдың қорытындысымен Сырдария ауданы облыста «Егін шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен Озат аудан» номинациясымен марапатталғандығын айтып өтті. 
Аудан бойынша 2016 жылы 29850 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде, аудан бойынша егілген 18360 гектар күріштен 104 мың 214 тонна күріш салысы жиналып, орта өнім әр гектарына 56,7 центнерден келді. 
Ауданда бюджет қаражатынан тыс инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 2016 жылы аймақта ірі өндіріс саналатын «Жан-Арай жем» ЖШС-і «Сор құдық» көліне қаз асырау мақсатында 100,0 млн.теңге инвестиция салынған.
Сырдария ауданына шетел инвестициясын тарту мақсатында Германия және Ұлыбританияда орналасқан ірі кәсіпорын басшыларымен келіссөздер жүргізіліп, «Күн көзінен электр қуатын шығаратын станса салу» және Шаған ауылдық округінде орналасқан 3000 бас мал бордақылау алаңы жанынан қосымша шағын кәсіпорындар салу жобасын жүзеге асыру мақсатында «Гринквест Сырдария» ЖШС-і құрылды. 
Аудан әкімдігі және серіктестік жетекшелерімен меморандумға қол қойылды. Жобалардың құны 40,0 млрд.теңге. Жоба толық іске асқаннан кейін 30 адам тұрақты жұмысқа тартылады. Бүгінгі күні 200 гектар жер учаскесіне топографиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: