Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖІҢІШКЕҚҰМДА ТҮНГІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЖІҢІШКЕҚҰМДА ТҮНГІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҮРГІЗІЛДІ Соңғы кездері Арал ауданындағы Жіңішкеқұм елді мекенінде айтарлықтай істер тындырылғаны бірден байқалады. 
Бұған көпшілік куә болып та үлгерді. Аудан орталығынан шалғай орналасқанына қарамастан, ауыл тұрғындары үшін барынша жағдай жасалуда. Ауыл іші ажарланып келеді. Атап айтсақ, білім күні қарсаңында ауылда заманауи талапқа сай №230 орта мектеп ел игілігіне берілді.
Сонымен қатар, кеш бата ауылдың орталық көшелері жарқырап сала береді. Бұған Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған шалғайдағы елді мекендерге жан-жақты көмек жасау, ауылдарды көркейту жұмыстарын жүргізу, жаңадан жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасының жүзеге асып жатқандығы десек, қателесе қоймаймыз.
Көшелерді түнгі жарықтандыру жұмыстарына «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 2 млн. теңге қаралған болатын. Ауыл тұрғындарының айтуынша, Жіңішкеқұмның кіре берісінен бастап қаз-қатар тізілген шамдар жұмыстан, сабақтан кеш қайтатын тұрғындарға қолайлы болып отыр. Жергілікті халық бұл атқарылып жатқан жұмыстарға дән риза.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: