Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Опера әншісі Қызылордада ән кешін өткізді

Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында Жұмабек Қаңтарбаевтың "Сыр еліне тағзым"  атты ән кеші өтті. 
Опера өнерінің соңғы толқынындағы өнерпаз, лирико-драматикалық тенор Жұмабек Қаңтарбаевтың ән кешіне талантымен әлемге танылған, шоқтығы биік опера өнерінің жарқын жұлдызы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы қатысты.
«Талантқа – қанат болар сезім емес, сенім болуы керек» демекші Майра Мұхамедқызы Жұмабек Қантарбаевтың  талантын ерекше бағалап, ақ батасын беріп, қасиетті сахна арқылы қазақ өнерін әлемге паш етуіңе қолдау білдірді.
Кеште "Тұрмағамбет" атындағы халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, "Құрмет" орденінің иегері Кеулімжай Ботабаевтың, көркемдік жетекшісі Самат Аблаевтың, оркестрдің сүйемелдеуімен халық әндері, қазақ  және шетел композиторларының шығармалары көрермен назарына ұсынылды.
Аталмыш кешке Қызылорда облыстық филармониясының әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Айдос Иманжаппаров пен Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары колледжінің аралас хор ұжымы да өнерлерін көрсетіп, кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: