Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада қылмыстық топ құрықталды

Қызылордада қылмыстық топ құрықталдыҚызылордада бөтеннің мүлкін ұрлауды кәсіп еткен тағы бір қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды 24.kz
Қызылордада бөтеннің мүлкін ұрлауды кәсіп еткен тағы бір қылмыстық топ қолға түсті. Жеңіл жолмен пайда табуды көздегендер 21 және 19 жастағы жеткіншектер екен. Ең сорақысы, олар түн ортасында, үй иелері қалың ұйқыда жатқан сәтте терезе арқылы еніп, құнды заттар мен қомақты қаржы алып кетіп отырған. Полицейлер бұл деректі «Пәтер» жедел-профилактикалық шарасы барысында анықтады. Күдіктілердің қылмысы толық дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Ғани Тұрсекеев, Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы: - Пәтер ұрлығын жасаған азаматтар осы тұрғын үйлердің иелерімен жақсы қарым-қатынаста болған. Олар үйдегі бөлмелердің орналасуы, ақшаның немесе қымбат заттардың қай жерде тұрғандығын жақсы білген. Екеуі де сол кәсіпкердің қарамағында жүк түсіруші болып жұмыс істеген, автокөлігін жүргізген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: