Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Сіздерді 23 қазан күні  «Алтын дән-2021» іс-шарасы аясында Қызылорда қаласында барлық аудандардың қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз. 

Жәрмеңкеге 340 жүк көлігіне тиелген 1000 тоннадан астам Сыр дихандары мен шаруалар өндірген өнімдерін төмен бағада Сіздерге ұсынады.
Тұрғындар үшін жәрмеңкеде 190 тоннадан астам ақталған күріш,  140 тоннаға жуық картоп, 40 тонна басты пияз, 320 тоннадай көкөніс,  180 тоннадай бақша өнімдері, 40 тонна асқабақ, 20 тоннадай ет өнімдері,  40 тонна балық өнімдері, 7 тоннадан астам сүт өнімдері, 40 тоннадан астам мал азығы жеткізіледі. 
40-тан астам ауыл шаруашылығы өнім түрлері саудаланып, нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылатын болады. Атап айтқанда, күріштің бағасы 220 теңгеден, сиыр еті 1750 теңгеден, басты пияз 80 теңгеден, картоп 170 теңгеден, балық өнімдері 1000 теңгеден босатылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінің өтетін орны: 
Арал ауданы - С. Торайғыров көшесінің бойы («Шұғыла» балабақшасының алды);
Қазалы ауданы - «Шұғыла» мөлтек ауданы (Ғ. Мұратбаев көшесі мен  Қ. Яссауи көшесінің қиылысы);
Қармақшы ауданы - «Журба» көшесінің бойы (Сахи Романов көшесі мен Саламатов көшесінің аралығы); 
Жалағаш ауданы – Титов қыстағы (Ә. Қашаубаев пен Жетікөл көшелерінің қиылысы);
Сырдария ауданы - Жанқожа батыр көшесі (Реалбаза алды);
Шиелі ауданы - Тасбөгет кенті (Орталық алаңы); 
Жаңақорған ауданы - Астана даңғылы бойы (Е. Көшербаев көшесі мен А. Иманов көшесінің аралығы). 
Құрметті қала тұрғындары мен қала қонақтары жәрмеңкеге келіп, Сыр диқандарының тартуын қабыл алыңыздар!
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: