Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

2015 жылы күрішшілерден 40 мың тонна астық сатып алынбақ

2015 жылы күрішшілерден 40 мың тонна астық сатып алынбақОблыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен шаруаларға жағдай жасау мақсатында облыста арнайы күріш кластерін дамытатын консерциум құрылып, Жалағаш элеваторын жеке қолдан мемлекеттің игілігіне алынды.
2013 жылы мамыр айында Жалағаш элеваторы «АгроХолдинг Байқоңыр» ЖШС болып құрылып, күріш кластерін дамыту бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Қытайдан тәулігіне 150 тонна күріш ақтап шығаратын зауыт сатып әкелінген.
Қазіргі уақытта соны құрып, монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
 – Биыл Сырдария, Шиелі, Жалағаш аудандарынан 42 шаруашылық келісім шарт бойынша әр келісін 50 теңгеден 16 мың тонна қара күріш сатып алдық. Қазір мұнаралардағы қосымша қоймаларға жөндеу жүргізіп, іске қосып жатырмыз. Келер 2015 жылы шаруашылықтардан 40 мың тонна қара күріш сатып алу жоспарланып отыр,-дейді «АгроХолдинг Байқоңыр» ЖШС-нің директоры С.Купешов.
Бүгінгі таңда Жалағаш элеваторында 104 адам жұмыс істейді. Жұмысқа негізінен жергілікті жердің азаматтары алынған. Жұмысшы қызметкерлерге айлық жалақылары ай сайын беріліп тұр.
«АгроХолдинг Байқоңыр» ЖШС алдағы уақытта цехтар мен зауыттар ашып, халықты жұмыспен қамту бағытында жұмыстар жүргізе беретін болады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: