Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аймақ басшысы Шиеліде ағаш көшетін отырғызды

Наурыз мерекесі күні облыс әкімі Қ.Көшербаев жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болды. 

 

Аймақ басшысы Шиеліде ағаш көшетін отырғызды

 

Алдымен Сұлутөбе, Тартоғай ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен танысып, тұрғындармен жүздесті. Содан соң аудан орталығында өтіп жатқан Әз-Наурыз мерекесіне қатысып, аудан тұрғындарын жылдың жаңаруымен құттықтады. 
- Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелте берсін. Ұлыстың ұлы күнінде айтылған барлық тілек қабыл болады. Олай болса, киелі Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Еліміз тыныш, әрбір жаңа күн барлық отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ақ мол болсын, құт қонсын, Қыдыр – бақ дарысын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Мерекелік бағдарлама аясында салт-дәстүр ғұрыптары көрсетілді. Аймақ басшысы ағаш көшетін отырғызды.
Осы күні облыс әкімі аудандағы 15 ауылды аралап, тұрғындардың жағдайымен танысты. Соңғы жылдардың бедерінде қай салада болмасын өсу, өркендеу бар. Білім саласында үш ауысымда оқытатын мектеп мәселе шешілді. Балалардың балабақшамен қамтылу пайызы да артып келеді. Ауылдық амблуаториялардың жағдайы түзеліп, клубтар қайтадан салынуда. Дегенмен, әлі де мәселе бар. Сапардың негізгі мақсаты да осы. Алдыңғы ретте кезек күттірмейтін проблеманы анықтап, соның шешу жолын қарастыру. 
- Қазір экономикалық дағдарыс белең алып тұрғаннына байланысты алдымен басталған құрылыстарды аяқтау тапсырмасы тұр. Ал жаңа құрылыстар бірінші жартыжылдықтың нәтижесіне қарай басталатын болады. Әлде де клуб, дәрігерлік амбулатория, жол мәселесі шешілмеген ауылдар бар. Кезектілігіне қарай бұл проблемалар шешілетін болады, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
Жалпы, өндірісті аймақтың өрісі кеңейіп келеді. Мұнда ата кәсіп саналатын ауылшаруашылық саласы да кеңінен дамыған. Сапар барысында аймақ басшысы шаруашылықтардың да жұмысымен танысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: