Самат Ілияс Қызылорда қаласында тұрады. Ол Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына несие алуға өтінім берген болатын.
Өтінімі мақұлданып жеке кәсіпкер қордың Қызылорда филиалынан 3 млн 500 мың теңге несие рәсімдеді. Несиеге «ГАЗель» жүк көлігін сатып алды. Қазіргі таңда осы көліктің арқасында қосымша табыс тауып отыр.