Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жылу беру маусымы басталды

Қызылордада жылу беру маусымы басталды2015 жылғы 15 қазанда Қызылордада жылу беру маусымы басталды. Бұл жөнінде қалалық ішкі саясат бөлімі хабарлады.
«Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мерзімінде жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде облыс орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлердің 80 пайызына жылу берілді. 
Естеріңізде болса, Қарағандыдағы труба шығаратын зауыттан Қызылорда, Шымкент, Тараз қалаларына тиісті жылу құбырлары уақытылы жіберілмей, кешіктірілген болатын. Бірақ, қала әкімдігінің шұғыл шаралар қабылдауы нәтижесінде құбырлар қалаға жеткізіліп, жылу беру орталықтары мен мердігер мекемелер ұйымшылдықпен тиісті жұмыстарды мерзімінде аяқтауға қол жеткізді. Аяқталмай қалған қаладағы бір нысандағы жұмыстарға барлық күштер жұмылдырылып, 16 қазанда түске дейін аяқтау жоспарлануда. 
Негізі жылу беру маусымының нормативіне сәйкес ауа райы температурасы тұрақты 3 күн бойы +8 градустан төмен болған жағдайда жылу беріле бастау қажет. Ал, Қызылорда қаласындағы сынап бағанасы соңғы күндері 12-13 градусты көрсетіп тұрғанымен қалада жылу беріле бастады.
Айта кету керек, қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлер алдын ала тексеріліп, дайын емес проблемалық үйлер анықталды. Бұл үйлердегі жылу құбырларын жөндеу және ауыстыру жұмыстары жеке тұрғындар есебінен жүргізілуі тиіс. Бірақ, әлеуметтік тұрмысы төмен және жағдайлары жоқ тұрғындардың өтініштері ескеріліп, көп қабатты 80 тұрғын үйдегі өжірелердегі жылу құбырларына жөндеу жұмыстары демеушілердің және жылу беру орталықтары мен су жүйесі, коммуналдық мекемелердің көмегімен жүргізілді.
Сондықтан, қала тұрғындарының жылуға қатысты абыржуға ешқандай негіз жоқ. Тозығы жетіп, ескірген жылу құбырларын жөндеу бойынша көп жылдан бері қордаланған мәселелерді биыл қомақты қаржы бөлу нәтижесінде шешуге мүмкіндік алынды. 
Жылу жүйелері мен қазандықтарын және қосалқы қондырғыларын ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен 3 млрд. теңгеден астам қаржы қаралды.
Оның ішінде, «Нұрлы-Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 3 млрд. 39 млн. 900 мың теңгеге 14 жоба бойынша ұзындығы 11,2 шақырымды құрайтын қаланың Қорқыт ата, Жанадилов, Байсейтова және Бектұрғанов көшелеріндегі магистралды және кварталаралық жылу желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Бұдан басқа, облыстық бюджеттен бөлінген 65 млн. 124 мың теңгеге ұзындығы 0,7 шақырымды құрайтын Тасбөгет кенті Есенов көшесіндегі жылу жүйесіне және 58 млн. 469 мың теңгеге кәсіпорынның 3 дана (SG-2000/15n маркалы) қазандық бойлерлеріне қайта жаңғырту жұмыстары атқарылды.
Сонымен қатар, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның өз қаражаты есебінен 805 млн. 400 мың теңге қаралып, турбина мен бу қазандықтарындағы қосалқы қондырғыларға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: