Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АҚМЕШІТТЕГІ ЖАНЖАЛ


Өткен ғасырдың басында екі үлкен төңкеріс орнап, кеңес үкіметі құрылды. Патша тақтан құлап, елде республикалық саяси жүйенiң қалыптаса бастауын күллi халқы, соның ішінде қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. Ақпан революциясының жеңісі Ресей империясының құрамында болған барлық халықтарға бұрын болмаған демократиялық бостандық берді.
Сол жылдың маусымынан жарық көрген және алғашқы редакторы Мұстафа Шоқай болған «Бірлік туы» газеті былай деп жазады: «Ең алғаш өзгеріс болған уақытта Ақмешіт қазақтары бұл таныс болмаған жаңа бір жолға басшы табайық деп, үсті-үстіне телеграма беріп, Петербордан Мұстафа Шоқайды, Термізден Серәлі Лапинді, Самарқаннан Хұсан Ибрагимовты, мұғалім Табанбаевты, Қоқаннан Серікбай Ақаевты, Әндіжаннан Қонырқожа Қожықовты, Қармақшыдан мұғалім Ибрагим Қасымовты шақырды».
Осы жылдың көктемiнде Ислам кеңесiнiң ұйымдары Сырдария облысының Черняев, Әулиеата, Перовскi, Қазалы уездерінде құрылды. Ақпан революциясынан кейін Сырдария облысында құрылған кейбір ұлттық комитеттердегі жағдайдың қандай болғандығын Ақмешіттегі қызметінен көруге болады. Ол жөнінде М.Шоқай былай деп еске алады: «Мен Ақмешітке келгенде, ол жерде үш ұйым бар болатын. 1. Ақмешіт ұлттық кеңесі – төрағасы – Ерәлі Қасымов. 2. Ақмешіт халық өкілдерінің кеңесі төрағасы – Серәлі Лапин. 3. Ақмешіт жұмысшы-солдат кеңесі».
Ал 2-5 тамыз аралығында Ташкентте Түркістан өлкесі қазақ-қырғыздарының жалпы съезі болып өтеді. Съез шешімімен Сырдария облысында облыстық қазақ атқару кеңесінің төрағасы қызметіне Ә.Көтібаров, Перовск уезіндегі кеңестің төрағасы болып алғашқыда Е.Қасымов, кейін Қ.Ибраһимов сайланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: