Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Жәрдем» медициналық пойызы Қызылордаға келді

 «Жәрдем» медициналық пойызы Қызылордаға келді"Қазақстан Темір Жолы" АҚ–мен Қазақстан Республикасы  ІІМ ТЖК  "Жәрдем пойызы" әлеуметтік жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Бұл жолы медициналық пойыз Қызылорда облысына келді. 23 сәуірден 14 мамырға дейін "Жәрдем пойызы" Қызылорда облысының  елді мекендерінде болады. 
Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының маманы Айгүл Нұрманованың хабарлауынша, Белкөл кенті, Қараөзек ауылдық округі, Жосалы стансасының және  басқа да шалғай жатқан елді мекендері тұрғындарының облыстық диагностикалық орталық деңгейіндегі жоғары білікті мамандар мен дәрігерлерден тегін медициналық тексерістен өтуге мүмкіндігі бар.
Медициналық пойыздың негізгі міндеті кешенді диагностикалық көмек көрсету; диагностикалық құрал-жабдықтарды, аппаратураларды пайдалана отырып, лабораториялық, қызметтік, құрал-саймандық әдістермен емделушілерді тексеру, қарау; міндетті медициналық тксеруден өткізу; медициналық талдау және анықталған медициналық көрсеткіштерге сүйене отырып, науқастарға жоспарлы емделуге, ауруханаға жатқызуға жолдама беру.
Аталмыш медициналық пойыз күніне 400-ге дейін емделушелірді қабылдай алады. Пойыз 8 вагоннан тұрады, оның 4-еуі емдік-диагностикалық, 1 –еуі мейрамхана-вагоны, онда конференц-залы бар, 1 –еуі  «дизель-генератор» вагоны, 2-еуі медициналық қызметкерлердің жатақханасына арналған қызметтік купе вагондары. Осы пойызда қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған 17 медициналық кабинет қызмет көрсетеді. 
Медициналық пойыз бригадасы құрамында негізгі мамандықты иеленген дәрігерлер бар: терапевт, бала дәрігері, невропатолог, көз дәрігері, құлақ-тамақ дәрігері, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, тіс дәрігері. Олардың бәрі де жоғары білікті дәрігерлер.
Пойыз сонымен қоса, лабораториялық, жалпы және биохимиялық қан және несеп талдауларын жасау үшін қазіргі заманғы құралдармен, рентгенографиямен және флюорографиямен, ішкі органдар мен тамырларды УЗИ-аппаратымен тексеру, электрокардиограмма, компьютерлік спирография және басқа да диагностикалық зерттеулер жасайды. Медицицналық пойыздың емделушілері жоғары білікті арнайы мамандардан кеңес алуға, шағын оталар жасатуға /оның ішінде урологиялық және гинекологиялық/, сонымен қоса тіс емдетуге. мүкіншілігі бар. 
 «АМТГ»  АҚ Қызылорда филиалы  емханасының бас дәрігерінің орынбасары Марат Ршымбетов өз сөзінде пойызда флюорографиялық аппарат, рентген қою құрылғысы,  УЗИ-аппараты, урологиялық кабинеттің бар екендігін айтты. Барлығы 27 маман жұмыс істеп жатқандығын. Оның 15-і дәрігер, 10-ы медбике, 2-еуі тазалықшы екендігін айтты. Олардың ішінде бала дәрігері, кардиолог, тіс дәрігері, оташы және басқа да маман иелері бар.  
Тек қана Белкөл кентіндегі 2 күннің өзінде 300-дей  адам дәрігерлік тексеруден өткен. 200-ден астам адамға медициналық және лабораториялық талдаулар жасалған. Көбіне елді мекен тұрғындары тіс ауры, жүйке жүйесі, қан айналымы, қалқанша безінің ауруларына шағымданған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: