«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалында «Жасыл экономика» бағытында сарапшы топ отырысы болып өтті.
Оған аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдерінің қатысты. «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Күлжауһар Раева өз сөзінде бүгінгі отырыста «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды Тұғырнамасында: «Азаматтардың қажетті өмір сүру жағдайын жақсарту үшін энергия үнемдеудің дәйекті саясатын бір мезгілде енгізе отырып, энергияның балама көздерін дамыту; ірі қалалардың «жасыл белдігін» қорғау, таза тұщы су көздерін қорғау» туралы айтылғанын және соған сәйкес, «Жасыл» экономиканы дамытудың су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру бағыты мен «Жасыл» экономиканы дамытудың экожүйелерді сақтау және тиімді басқару бағыттарының жүзеге асырылуына қатысты мемлекеттік мекемелер басшыларының есебін тыңдау мақсатында өткізіліп отырғанын айтты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қармақшы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау МКМ-нің директорының орынбасары Молдабаева Бақыткүл, «Қармақшысушар» өндірістік учаскесінің құрылыс жөніндегі бөлім меңгерушісі Әби Әбдиев, аудандық жер қатынастар бөлімінің бас маманы Талғат Қатарбаевтар хабарламалар жасап, салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Орманды сақтау, қорғау, орман қорын пайдалануда жылдан – жылға мемлекет тарапынан қолдаулар болып отырғанын соның нәтижесінде егілген ағаштар өсіп, аң, құстар көбейіп келе жатқанын, дегенмен де, қазіргі талапқа сай әлі де болса, техникалармен жабдықтауды қажет етіп отырғанын, қажетті жер мәселесі, сондай-ақ, каналдар мен тозығы жеткен тоспаларды жөндеу, каналды паспорттау мәселелері жөнінде ұсыныстарын білдірді. Аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы Аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі, аудандық «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Алтай Үсенов өз сөзінде каналдар туралы ұсынысты кешелекте шешуге, аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшесі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, Жосалы кенті әкімі аппаратының бөлім басшысы Қайрат Қаниев, аудандық партия филиалының статистика және сектор меңгерушісі Күлжаһан Көбекова, аудандық «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Айдынбек Скендировтер өз сөздерінде Шымкент- Самара трассасының бойына егілген ағаштар бүгінде елге көрік беріп тұрғанын, қасында асфальт, суы келіп тұр бір жағы егістік мал ұстауға қолайлы екенін айта келіп, егілген ағаштардың түбін кесіп, биік болып өсуіне жағдай жасап отыру жөнінде және аталмыш тақырыптар аясында өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.