Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАҚАЕВ АУЫЛЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМАЛАР ШЕШІЛДІ

ЖАҚАЕВ АУЫЛЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМАЛАР ШЕШІЛДІБүгін Шиелі ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаев пен Иіркөл ауылдық округі әкімі С.Монтаев елді мекен тұрғындары алдында есеп берді. 
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаев атындағы ауылда күрделі мәселелердің барлығы шешілді деуге болады. Былтырғы жылы ауыл көшелерінің барлығы асфальттанып, жаяу жүргіншілер жолдары мен аялдамалар салынды. Округке қарасты Жансейіт елді мекені Жиделітоптық су құбырына қосылып, 4 көшеге асфальт төселді. 
Соңғы бес жыл ішінде ауылға жаңадан амбулатория, спорт алаңы салынып, ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді. Былтығы жылы ел боп тойланған Ы.Жақаевтың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында Ы.Жақаевтың мұражайы жаңадан бой көтерді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: