Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕШІТ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕШІТ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫҚазалы қаласындағы қайта жөндеуден өткен Нұралы (Мүрәлім) мешіті Наурыз мерекесі қарсаңында салтанатты түрде ашылды. 
Шараға аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қатысып, қала тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады: «Бабаларымыз «азаны бар ауыл азбайды» деген. Бүгінгі ұлы мереке әз-Наурыз қарсаңында пайдалануға беріліп отырған мешіт жас ұрпақты рухани азықпен сусындатар, иман жүзді азаматтар тәрбиелер ізгілік пен бірліктің орталығы болады деп сенеміз» - деді.
Салынғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де әлі мінін жоймаған Нұралы мешіті республикалық санаттағы архитектуралық ескерткіштер қатарына енгізілген. Мешітті 1915 жылы сарт саудагер Мүрәлім Меркемалов қыш кірпіштен салдырған. 1937 жылға дейін мешіт болса, кейін спорт мектебі, емхана, дәріхана болады. 1991 жылы қайта мешіт болып ашылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: