Арал аудандық прокуратурасымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында жүргізілген 6 тексерумен анықталған заң бұзушылықтар бойынша 10 ұсыныс енгізіліп, қорытындысымен 36 тұлға тәртіптік, 3 тұлға әкімшілік жазаға тартылды.
Мысалы, аудан әкімдігі жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясымен (әрі қарай - Комиссия) 2014 жылы комиссия отырыстары кейбір айларда бір реттен ғана өткізіліп және өткізілген отырыстары тиісті хаттамамен және қаулылармен ресімделмей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы» Үлгі ереженің талаптары өрескел бұзылған.
Сондай-ақ, комиссиямен кәмелетке толмағандарға қатысты құқық қорғау органдарынан түскен материалдарын қарамау, жұмыс жоспарларын тиісті деңгейде орындамау, комиссия отырыстарында жасалған хаттамаларға жалған мәліметтер енгізу деректері бойынша заңдылықты бұзушылықтар анықталған.
Орын алған заңдылықты бұзушылықтар бойынша аудандық прокура-турамен аудан әкіміне ұсыныс енгізіліп, комиссия төрағасы - аудан әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық білім бөлімінің жетекші маманы, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.