Келімбет кесенесі – Қожабақы ауылынан 8 км шақырымда орналасқан Құрылысы XIX ғасырдың аяғында (1898ж) салынған.
Келімбет кесенесі әйгілі халық сәулетшісі Қазақбай Жүсіпов тұрғызған. Кесене тікбұрышты күйдірілген кірпіштен тұрғызылған (5,5х13,5х25 см, 10 қатар+10 жіктер 0,70 м), жоспары бойынша ауқымды өлшемдері -8,85х11,46 м, биіктігі -6,80 м.
Кесененің кіреберіс және жерлеу камералары бар, олардың бойлық белағаштары бір-бірімен салыстырғанда Т-бейнелі орналасқан, екі камерада тікбұрышты тұлғаға үйлестірілген, оның бұрыштары сәнді қалақтармен ерекшеленген.
Ескерткіш қатты қираған - сағананың ернеулері жоғалтқан тіпті, кіреберіс бөлігі, қабырға беттері және бұрыш қалқандар қираған, күмбездің төменгі жағы да қирауға ұшыраған.
Келімбет кесенесі халықтық сәулет өнерінің тамаша туындысы болып есептелінеді. Сырдария өзені аңғарындағы кесенелерге тән ерекшелері бар құрылыстарға жатады.