Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сүтті сиырлар табыс көзіне айналды

Жаңақорған ауданына қарасты Жайылма ауылының тұрғыны Асқарова Айнұр Мұсаханқызы мал шаруашылығын дамытуға юет бұрды.
Аталған мақсатта  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының" Қызылорда филиалынан ірі қара мал басын көбейту мақсатында несие алуды жөн санады.  «Мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасы шеңберінде несие алып 14 сауын сиыр сатып алды. Мал шаруашылығын дамытуға үлесін қосуда! Несие мерзімі - 78 ай, сыйақысы - 6%. 
Айта кетсек, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда филиалы мал шаруашылығын дамытамын деген ауылдық елді мекен кәсіпкерлеріне 6,5 жылға 6 пайызбен, көп балалы отбасыға 4 пайызбен 4,0 млн теңгеге дейін несие береді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: