Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыс әкімі энергетик Мұхитжан Кәрімбаевқа құрмет көрсетті

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Мұхитжан Кәрімбаевпен кездесті. 
Басқосуда аймақ басшысы энергетика саласына елеулі үлес қосқан Мұхитжан Кәрімбаевты құрметті зейнет жасына келуімен құттықтап, Сыр халқы атынан ілтипатын білдірді. 
Өңір басшысы сала ардагерінің энергетика саласына қосқан үлесін ерекше бағалап, Мұхитжан Кәрімбаевтың басқаруымен атқарылған шараларды тізбеледі. 
- Энергетика - экономиканың өзекті салаларының бірі және әлеуметтік сала мен индустрияны алға жылжытушы күш. Қай істе де өзін білікті маман, іскер басшы ретінде көрсете білген Мұхитжан Ысмайылұлының бұл салаға қосқан еңбегі орасан зор
 Облыстың электр жүйелерін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыс атқарып, Қызылорда қаласының сол жағалауында бой көтерген тұрғын үйлер мен нысандарды электр жарығымен қамту жұмыстарын қарқынды жүргізді. Сонымен қатар, облыс әкімдігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы келісім негізіндегі іс-шараларға қосқан елеулі үлесін атап өткім келеді. Нәтижесінде 300 шақырымнан астам электр желілері мен 53 электрлік қосалқы станция жаңартылды. 
Сонымен қатар, 2009-2014 жылдар аралығында Қызылорда жылу электр орталығы басшысы қызметін абыроймен атқардыңыз, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Жиын барысында өңір басшысы энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Мұхитжан Кәрімбаевқа облыстың «Құрмет» грамотасымен марапаттады және қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.  
Басқосуда еңбек ардагері Асылбек Қанаев пен Қызылорда облысы бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау аумақтық департаментінің басшысы Саламат Қалжанов марапат иесін зейнет жасына шығуымен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: