Қызылорда қаласында жеңіл автокөлік жүргіншілер жолағы белгіленбеген жерден өтпек болған жасөспірімді қағып кетті.
Оқиға 16 мамырда облыс орталығындағы Рысқұлов көшесі бойында болды.
«Жасөспірім жаяу жүргіншілер жолағы белгіленбеген жерден келесі бағытқа өтпек болған. Сол сәтте «Toyota Corolla» автокөлік жүргізушісі жасөспірім баланы қағып кеткен. Жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Баланың жағдайы бірқалыпты. Ол ата-анасының қарауына тапсырылды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.