Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі» ММ №2 мамандандырылған өрт бөлімінде «Жас Өркен» қызылордалық колледждің студенттері үшін ашық есік күні өтті.
Студенттер ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына түсу ережесімен танысты.
Өрт бөліміндегі экскурсияны өртке қарсы қызметтің сержанты аға өрт құтқарушы А.Қошқаров жүргізді. Студенттер өрт сөндіру құрал-жабдықтары мен техникамен танысты. Арнайы практикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, «жиын және дабыл бойынша шығу» әрекеті, өрт гидранты қондырылған авиацистернадан күш пен жабдықтарды күшейту, бір магистральді жүйеден екі РСК-502 ұңғысын беру, жәбірленушінің құтқару тәсілдерінің көрінісі мен өзін-өзі құтқару әдіс-тәсілдері туралы айтылды.
Осы іс-шараны өткізудің мақсаты – өрт сөндіруші мамандығы жөнінде насихаттау, жас ұрпақты өрт сөндіруші мамандығына қызықтыру, тіршілік әрекетінің қауіпсіздік мәдениетін насихаттау болды.