Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Байқоңырлықтарға газет-журналдар жеткізілмейтін болды

Байқоңырлықтарға газет-журналдар жеткізілмейтін болды«БайқоңырБайланысАқпарат» мемлекеттік біртұтас кәсіпорны 2015 жылы Байқоңыр қаласына газет-журналдар жеткізуден бас тартып отыр, деп хабарлайды Bnews.kz.
Мекеме мұның себебін сұрағандарға айтар жауабы да дайын – бұл қызмет түрі тиімсіз болып отыр.
Қазіргі кезде «БайқоңырБайланысАқпарат» мекемесі мерзімді басылымдарға жазылып қойған мекемелерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға және азаматтарға төлеген ақшаларын қайтарып жатқан көрінеді.
Өңірде қалыптасқан жағдайға қарамай, газет-журналға алғысы келетіндер бұл қызмет түрлеріне өз бетімен онлайн жазылуына болады. Ендігі жерде байқоңырлықтарға газет-журналдарды баспаханалар мен редакциялар өздері жеткізіп беру ғана қалып тұр.
Ресейлік «БайқоңырБайланысАқпарат» кәсіпорны бүгінге дейін Байқоңыр қаласының тұрғындарына, ұйымдарына және кәсіпорындарына пошта қызметін көрсетіп келген болатын. Бұдан бөлек, мекеме қаладағы телефон желісінде қызмет көрсетеді, телевизиялық бағдарламалар трансляциясын қамтамасыз етеді және өзге де телекоммуникациялық қызметтерді ұсынады.
Байқоңыр халқына ресейлік әкімішілік пен құқық қорғау органдары қызмет көрсетеді. Қазақстан тарапынан Байқоңырда президенттің арнайы өкілі, әскери құрылымдардың және мекемелердің өкілдері ғана қызмет етеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: