Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов журналистермен өткен брифингте облысқа тартылған инвестиция бойынша нақты көрсеткіштерге тоқталып өтті.
Биыл облысқа 373,5 млрд.теңге инвестиция тарту межесі бекітіліп, арнайы Жол картасы әзірленді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, ү.ж. 11 айында жоспар 94 пайызға орындалды.
Биыл аймаққа инвестиция тарту бойынша ауқымдар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, қала және аудан әкімдіктеріне арнайы меже бекітіліп, жоспарға сай тиісті тапсырмалар жүктелді. Нәтижесінде, өңірге 350 млрд.теңгеден астам инвестиция тартылды. Атап өту қажет, көрсеткіштің өсу қарқыны және жоспардың орындалуы бойынша өңірлер арасында біздің облыс 1-ші орында, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов.