Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР КӨБЕЮДЕ


Ел игілігіне қажет қоғамдық көлік мәселелері де жыл өткен сайын шешімін тауып келеді. Халық көңілінен шығып, қызмет көрсетудің заманауи бағыттарын қолға алған билік тасымалдау бағытына жаңа автобустар әкелуде. Осылайша қоғамдық көлік қатары артып келеді.
Халық сұранысын ескеруде шаһар ішіндегі кіші сыйымдылықтағы қоғамдық көліктердің орнына орта және жоғары сыйымдылықтағы автобустармен ауыстыру бағытында орта сыйымдылықтағы 150 автобус алу жоспарланған. Ал, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 10 автобус сатып алынды. Келер жыл да жаңа автобустар халық игілігіне қызмет етпек.
Қоғамдық көлік қызметін оңтайландыру бағытында билік сәуір айынан бері «Ақылды қала» жобасы аясында қоғамдық көліктерде арнайы орнатылған мобильді қосымша арқылы (OyBy) электронды төлем жүйесін енгізді. Ұялы телефон теңгеріміндегі ақшамен жол ақысын төлеуге мүмкіндік беретін бұл төлем жүйесін пайдаланушылардың да саны өсіп келеді.
Айта кету керек, қалалық бюджет есебінен бөлінген 22 млн.теңгеге қала көшелеріне қосымша 10 аялдама орнатылды. Мұның бәрі қоғамдық көлік қызметін жандандыруға сеп болып отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: