Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АҚТӨБЕДЕ ТЕК ЕР АДАМДАРДЫҢ ШАШЫН ҚИЯТЫН ШЕБЕРЛЕР КӨБЕЙЕДІ

АҚТӨБЕДЕ ТЕК ЕР АДАМДАРДЫҢ ШАШЫН ҚИЯТЫН ШЕБЕРЛЕР КӨБЕЙЕДІ

 

Ақтөбеде ер адамдарға арналған шаш-сақал күтімін жасайтын салон ашқан Арай Төлегенов өз қатарластарын көбейтуді көздеп отыр. Ол ебі бар жастардың басын қосып, шаш қию өнеріне үйретеді. Бұл жөнінде Aktobenews.kz мәлім етті.
Шаш қиюды үйренгісі келетін жастар көп. Сондықтан тағы жаңа команда құруды көздеп отырмыз. «Сити» сауда орталығында шеберлік сабағын өткізетін боламыз. Шамамен 70-ке жуық адам келеді деп ойлаймыз. Бір күндік шеберлік сабағының уақыты әлі белгіленбей отыр. Бірақ 20 қазан күні өтеді. Қызығушылық білдіргендер алдын ала хабарласуға болады,- дейді Арай Төлегенов.
Ақтөбедегі «ТАBarbershop» негізін қалаушы Арай Төлегенов тұрғындар арасында қызығушылықты арттыру үшін шеберлік сабағының бағасын 2500 теңге етіп, ақылы түрде өткізуді көздеп отыр. Ол топ ішінде өз ептілігімен көзге түсетін жастарды әрі қарай үйрету үшін жұмысқа  шақыратынын айтады.
Бұл ешқандай мамандық игермеген жастар үшін үлкен мүмкіндік. Оның үстіне жұмыс таба алмай үйде отырғандар да өз мүмкіндіктерін сынай алады. Өзіңе сенімді болып, еңбек ете білу керек,- дейді ол.
Кішкентай кезінен туыстарының шашын ақысыз қиып бастаған Арай Төлегенов қазір өзі шәкірт үйретіп отырған шеберлердің бірі. Ол жастарды шеберлік сабағында күтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: