Қызылорда қаласындағы бірқатар мектептер халықаралық ұйымдар ұсынған жобаларға қатысып, гранттарды жеңіп алды.
Тасбөгет кентіндегі №11 мектеп-лицейі БҰҰ жанындағы ПРООН әлеуметтік бағдарламаларды қолдау ұйымының әлеуметтік нысандарды дамытуға бағытталған гранттық конкурсына «Мектеп оқушыларын зерттеушілік-жобалық жұмыстарға баулуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында грант жеңіп алды. Ол қаржыға білім ордасы ауласынан поликарбонаттан жасалған «Фермер» жылыжайы, құс бағы, мектеп асханасына коллектор, энергия және су үнемдеуші құрылғылар орнатылып, жылу жүйесі автоматтандырылды.
Тағы бір қуанышты жаңалық, №15 мектеп-лицейі БҰҰ Даму бағдарламасы аясында грант иеленді. Оған SAMSUNG компаниясы қаржылай демеушілік жасады. Жобаның құны 2 млн. 200 мың теңге.