Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов Иіркөл ауылында 2016 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында атқарылған және алдағы уақытқа мақсатталған міндеттер жайында есеп беру кездесуін өткізді.
Кездесуде алдымен учаскелік полиция инпекторы Ғазиз Жүнісов ауылдық округ бойынша қылмыстық істер мен оның алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталса, ауыл әкімі Әлімбай Білжанов ауылдық округ бойынша жыл бойы тұрғындардың әлеуетін арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстармен таныстырды. Биыл ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешіледі. Ол үшін республикалық бюджеттен су құбыры желілерін тұтынушылар участкесінің аймағына жеткізу құрылысына 34694 теңге бөлінді. Сондай ақ, 50 орындық "Самал" балабақшасының құрылысы басталады. Ауылда «Иіркөл Даму» ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кооперативі құрылды. Есепті кездесуде ауыл тұрғындары «Балажарма» каналын тазарту, ауылға аяқ су әкелу, жоғары кернеулі электр желілерін ауыстыру, телефон байланысы маманы бірлігін ашу сияқты сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Жағымды жаңалықтардан хабардар болған ауыл тұрғындары әкім есебіне оң бағаларын берді.