Бүгін Арал ауданынан отан алдындағы борышын өтеуге 15 азамат аттанды. Оларды шығарып салу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жұмагүл Нақтайқызы қатысып, сәт – сапар тіледі.
Ел мен жерді қорғау қай заман де ер азаматтың мойынына жүктелген міндет. Ол ерте кезден белгілі. Бүгінгі бейбіт күнде бұл қағида өз күшін жойған жоқ. Күзгі әскер қатарына қабылдау мерзімінде ауданымыздан азаматтық борышын өтеуге аттанған жастар ҚР ҰҚК шекара қызметі мен ҚР Ұлттық Ұлан қызметіне қабылданып отыр.
Шара барысында №220 мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқушылары қаруды шашып жинаудан көрініс көрсетті. Сонымен қатар, әскерге аттанушы сарбаздарға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбілбай Садықбаев ақ батасын берді. Ал әскери міндетін өтеуге аттанғалы тұрған жастар "отанды қалтқысыз қорғаймыз" деп ант берді.