Қызылорда фермерлер "Алтын асықтың" игілігін көрмек
Қызылорда облысының фермерлері ағымдағы жылы аймақтағы «Алтын асық» және «Құлан» мал шаруашылығын қолдау бағдарламаларының қолдауын пайдалана бастады.
«Фермерлердегі қой санын ұлғайтуға бағытталған «Алтын асық» бағдарламасы бойынша, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы облыстың 8 шаруашылығы 94 млн 50 мың теңге сомасында несие алып, барлығы 4666 бас қой сатып алды», - деді Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы Мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Ғабит Далдабаев.