Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЗОБАЛАҢ ЖЫЛДАРДЫҢ ҚАСІРЕТІ

ЗОБАЛАҢ ЖЫЛДАРДЫҢ ҚАСІРЕТІ

 

Жаңақорған ауданы орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай тағзым шарасы өтті. 
Құрбандарды еске алуға арналған шараға жұртшылықпен бірге аудан әкімі Руслан Рүстемов қатысты. Жас ұрпақ үшін, азат тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және сақтау қасиетті парыз екендігін жеткізген аудан басшысы көпшілікпен бірге жазықсыз жапа шеккендерді бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды. Мұнан кейін ауданның бас имамы С.Омаров қуғын-сүргін құрбандарының рухына Құран аяттарын бағыштады. 
Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті арнайы мемлекеттік мұрағатында сақтауда тұрған қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың тізімінде жаңақорғандық 264 азаматтың есімі тіркелген. Бүгінде бұл азаматтардың есімі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу алаңындағы мрамор тақтаға қашалып жазылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: