Қызылорда қаласында кәсіпкерлік деңгейі өсіп келеді.
Шағын кәсіпкерлік саласында 2018 жылдың 1 наурызына қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 25 973 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 19 177 бірлік.
Кәсіпкерлердің жалпы санынан жеке кәсіпкерлер – 19 834 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 15 059 бірлік, заңды тұлғалар – 5 455 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 3 511 бірлік, шаруа немесе фермер қожалықтары – 684 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 607 бірлік.
2018 жылдың 1 наурызына кәсіпкерлік саласында 292 тұрақты жұмыс орны ашылды, оның ішінде ауылшаруашылығы бойынша – 30, сауда саласы – 131, өнеркәсіп саласы – 3, білім және денсаулық – 70, басқада қызмет түрлері бойынша – 58 жұмыс орындары ашылды.