Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Қамбаш" сауықтыру орталығы ашылды

"Қамбаш" сауықтыру орталығы ашылдыҚамыстыбас елді мекенінде «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорынының ашылу салтанаты өтті. Бұл орын ауданның алғашқы 100 дарынды оқушыларын қабылдады. 
Аталмыш сауықтыру орталығында мектеп бітіруші түлектер төрт негізгі пән және бесінші таңдау пәні бойынша тереңдетіп білім алады. Сонымен қатар, балаларға орталықтың тәлімгерлері тәрбиелік іс-шара жұмыстарын жүргізеді. Нысанда балаларға барлық жағдай жасалған. Жатын бөлмесі, емдеу-профилактикалық корпусы, асхана қажеттіліктері бар. Ең бастысы салауатты өмір салтын насихаттауға басымдық берілген.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кішкене Айбосынов орталықтың сауықтыру және білім, ұжымдық артықшылықтарын тілге тиек етіп, түлектердің Ұлттық бірыңғай тестіде жоғары баллға ие болуларына сәттілік тіледі.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: