Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазақстанда жасалған тауарлар насихатталады

Қазақстанда жасалған тауарлар насихатталадыҚызылорда облысының 66 шағын дүкендеріне және ірі сауда орындарындарында «Қазақстанда жасалған» бренд атауымен арнайы сөрелер әзірленіп, логотиптер орналастырылды. Бұл жайында бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Тельман Сүлейменов мәлімдеді. 
Азық-түлік өнімдермен қатар басқа да тауарлар бағасын негізсіз өсірмей, баға тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында барлығы 60-қа жуық сауда орындарының басшыларымен екі-жақты өзара ынтымақтастық меморандум жасалды. 
«Жеңіл өнеркәсіп тауарларының бағаларына мониторинг жасалып, халықтың күнделікті, қолжетімді тауарлары іріктеліп алынды. Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің индексі ағымдағы жылдың басынан 100,3% құрады», - дейді Т.Сүлейменов.  
Басқарма тарапынан жасалып жатқан дағдарысқа қарсы шаралардың бірі Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қызметінде қайта өңдеу саласын дамытуға ден қою тапсырылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: