Астанадағы «Атырау» көпірінде ойық пайда болды (ВИДЕО)
Биыл көпірдің орнатылғанына үш жыл болады. Астананың 20 жылдығына Атырау қаласы сыйға тартқан еді. "Атырау көпірінде" ойық пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Суретті Facebook парақшасында қала тұрғыны жариялады. "Аяқ астына қарап жүріңіздер, көпірде ойық пайда болды", - деп жазды Борис Оленев.
Қазіргі уақытта зақымданған жерді қар басқан. Бұл серуендеп жүрген адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін. Елорда әкімдігі көпір жөнделетінін хабарлады.
"Ол бөлікті қоршап қойдық. Жөндеу жұмыстары басталады", - деді Sputnik Қазақстанға әкімдіктің баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, көпір 2018 жылы пайда болды. Жалпы ұзындығы — 313,5 метр, ені — 10,5 метр. Ол қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналып үлгерді. Мұнда серуендеп, суретке түсемін деушілер қысы-жазы көп болады.