Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жол апатынан екі адам қаза тапты

24 желтоқсан күні сағат 10:50 шамасында Самара - Шымкент тас жолының 1270-ші шақырымында (Арал ауданы) жол-көлік оқиғасы орын алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша Lexus автокөлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам қаза тапты.
Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: