Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыс тұрғындары табиғи газбен 68 пайызға қамтылды

Жыл қортындысымен облыс тұрғындарының табиғи газбен қамту үлесі 68 пайызды құрады. Оның ішінде Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр қалалары толық көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жоламанов хабарлады.


- Былтыр облыс тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 14 жоба қарастырылған болатын. Бүгінде 7 жоба толық аяқталып, Шиелі ауданына қарасты Алғабас және Ақмая, Қазалы ауданына қарасты Пірімов және Басықара, Жалаңтөс ауылдарына, Тереңөзек кентіне газ қосылды.  Қалған 7 жоба биыл аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар 2022 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап Қармақшы ауданына қарасты Төретам кенті мен Ақай ауылы, Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентін газдандыру және Шиелі ауданында Тартоғай елді мекенінде «АГРС» орнату жобалары жүзеге асырылды, - деді Ерлан Ералыұлы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: