Жаңа жылдық шыршаға оқу үздіктері, жетім балалар мен тұрмысы төмен отбасынан шыққан бүлдіршіндер қатысты.
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов балаларды армандар мен ізгі ниеттерге толы Жаңа жылмен құттықтады: «Ата-аналарыңызды қуантыңыздар, зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар. Бұған елімізде барлық мүмкіндік бар. Бәріңізге Жаңа жылда бақыт, денсаулық, үздік оқу тілеймін. Жаңа шындардан көрініп, ауданымыздың даңқын көтере беріңіздер».
Мерекелік шарада әр балаға аудан әкімінің атынан сыйлық ретінде ұялы телефон берілді. Және арнайы дайындалған тәттілер үлестірілді.
Жаңа жылдық бағдарламада түрлі аңдар мен ертегі кейіпкерлерінен құралған театрландырылған қойылым қойылып, балалар да өз өнерлерін көрсетті.