Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сырдария өзенінде алдағы күндерде секундына 600 текше метр су келуі мүмкін

Қала әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жедел штаб отырысы өтті.
Жиында қыс-көктем айларында болуы ықтимал су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды. Қазіргі таңда Сырдария өзеніне жоғарыдан секундына 500 текше метр су түсуде. Алдағы күндері бұл көрсеткіш 600 текше метрге дейін жетуі мүмкін деген болжам бар.
Осыған байланысты дария бойына бекітілген кестеге сәйкес арнайы техникалар шоғырландырылып, тәуліктік кезекшіліктер ұйымдастырылуда. Қала әкімі жауапты сала басшыларына су басу қаупі туындағанда тұрғындарды уақытша орналастыратын пункттердің дайындығын қайта қарап шығуды, қорғаныс бөгеттеріне қажетті материалдардың әзірлігін және өзге де алдын алу шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыруды қатаң тапсырды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: