Кен орнындағы апатты жоюға атсалысқандар марапатталды
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесі басшылығы кезекті жиналыс кезінде «Құмкөл Сервиз» ЖШС «Сарыбұлақ» мұнай кен орнында болған апатты жоюға қатысқан қызметкерлерді жасаған еңбектері үшін марапаттады.
2015 жылдың 17 ақпанында «Сарыбұлақ» мұнай кен орнында газ құбырларында газдың ие бермей атқылап жатқаны туралы хабарланды. Бұл кезде барлық қауіпсіздікті сақтап жұмыс атқарудың үлкен маңызы болды. Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің екі өрт автокөлігі (АЦ-8-70-7, АЦ-8-40-7) мен 14 қызметкер тез арада апат орнына жетті.
Басшылар бірінші кезекте апат жағдайын анықтап, өрт – жарылу қаупінің алдын алу жолдарын қарастыру шараларын жүргізді. Кез келген уақытта, құрал-саймандарды пайдалану кезінде өрттің тұтанып кету қаупін болдырмай, атқылап жатқан газды тоқтату Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлеріне өте қиынға соқты.
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлеріне қысқа мерзімде апаттың алдын алуда өз қызметінің нағыз мамандары екенін көрсете білген орасан ерліктері үшін үлкен ықылас білдірілді. Өз ісіне маман қызметкерлер үлкен апаттың алдын алып, өрт – жарылу жағдайын болдырған жоқ.