Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды

Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды.
Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметіне Ғалым Едігеев тағайындалды.
Ғ. Едігеев 1979 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда қалалық прокуратурасында бастаған. 2Одан кейін Қызылорда қалалық, облыстық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында жауапты қызметтер атқарған. 2012-2019 жылдары Қызылорда көлік прокуроры, Қызылорда облысы прокуратурасының Әлеуметтік саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, Қазалы ауданының прокуроры, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы болды. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: